freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Хат алмасып отырған... Скриншотын алдым": Атыраудағы трагедия туралы марқұмның туысы күтпеген жайтты айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Хат алмасып отырған... Скриншотын алдым": Атыраудағы трагедия туралы марқұмның туысы күтпеген жайтты айтты (ВИДЕО)
Alash.kz коллажы

Атырау облысы Жангелдин ауылында болған қайғылы оқиғаға қатысты марқұмдардың туысы Шалқар Мұқанғалиев із-түссіз кеткен інісі Наурыз Мұқанғалиевпен соңғы байланыс кезінде күмәнді жайттар болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында ол інісімен 2025 жылдың 10 сәуірінде аудиохабарлама арқылы сөйлескенін, содан кейін тек мәтін арқылы хат алмасқанын айтты. Шалқардың сөзінше, Наурыздың WhatsApp желісіне соңғы рет сарайдан мәйіттер табылған күні кіргені анықталған.

"Әдемі апа Наурызбен хабарлама арқылы сөйлесіп отыр екен. Ол "Апам ауырып қалды. Ташкентке емдетуге алып кеттім. Желтоқсанның 10-ы қайтып келеміз" деп айтқан. Жеңгеміздің қан қысымы бар. Зейнетке шыққан, үлкен кісілер қан қысымы мазалап ем алады. "Ташкентте ағайын-таныстары бар екен. Солардың үйінде жатыр. Көмектесіп жатыр екен" деп әкесінің туған қарындасы Әдемі апайға айтқан екен. Ешқандай аудиожазба жібермеген. Ешқандай видеоқоңырау шалмаған. Қоңырау соқса, көтермейді. Тек хат алмасып отырған. Кейін Әдемі ападан хаттардың скриншотын алдым. Мен білетін Наурыздың жазғанына келмейді. Бұрынғы хабарламаларында сөйлескендеріне қарадым. Ол сияқты жазып отырған жоқ. Мектеп кезінде диктант жазамыз ғой. Тақтадағыны көшіргендей етіп, үтір-нүктесін қатесіз жазған. Тым сауатты жазған. Сол күмән тудырды", – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Еске салсақ, қаңтардың басында ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның денелері өз үйлерінің ауласындағы шаруашылық құрылысының аумағынан, шамамен бір метр тереңдіктен табылған еді. Ал олардың балалары – Мейрамгүл Мұқанғалиева мен Наурыз Мұқанғалиев әлі күнге дейін табылған жоқ. Құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан іздеу шаралары әзірше нақты нәтиже бермеген.

Тергеу мәліметінше, оқиға алдында белгісіз адам ұлдарының атынан "ата-анамды Ташкентке емдетуге апарамын" деген сылтаумен отбасының ұсақ малын сата бастаған. Алайда туыстары күмәнданып, ірі қараны сатуға жол бермеген.

Сонымен бірге тергеу барысында кенже қыз Ақбаян Мұқанғалиева мен оның жұбайы Сұлтан Сәрсемәлиевтің Шымкентке ұшып, кейін Өзбекстан шекарасынан өткендігі анықталған. Кей ақпараттарға қарағанда, олар көрші елде де ұзақ уақыт тұрақтамаған.

Қазіргі уақытта аталған тұлғаларға халықаралық іздеу жарияланған. Күйеу бала негізгі күдікті ретінде қарастырылуда. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу