Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Хезболла» жетекшісін өлтіру үшін үшін 80-нен аса бомба тасталған

Әлем
«Хезболла» жетекшісін өлтіру үшін үшін 80-нен аса бомба тасталған

Израиль «Хезболла» жетекшісі Хасан Насралланы өлтіргенге дейін бірнеше ай бұрын аңдыған. Eadaily басылымы New York Times-қа сілтеме жасап осылай жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мақалада келтірілген мәлімет бойынша, Израиль басшылары Хасан Насралланың орналасқан жерін бірнеше айдан бері біліп, өткен аптада оған соққы жасауды шешкен.

Шенеуніктердің екеуі Насралланы жою үшін бірнеше минут ішінде 80-нен астам бомба тасталғанын айтқан. Бірақ олардың салмағы мен маркасын атамаған.

Мақалада «Хезболла» жедел уәкілдері сенбі күні таңертең Насралланың денесін, сондай-ақ «Хезболланың» жоғары дәрежелі әскери қолбасшысы Али Каракидің денесін тауып, анықтағаны туралы айтылады.

Үш шенеуніктің айтуынша, Насралланың немере інісі Хашем Сафиэддин «Хезболланың» тірі қалған бірнеше жоғары дәрежелі жетекшілерінің бірі. Ол қозғалыстың саяси және әлеуметтік жұмысының негізгі өкілі.

Дереккөздер оны жақын арада «Хезболланың» жаңа Бас хатшысы деп жариялануы мүмкін деп ойлайды.

Фото: eadaily.com/AFP

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу