freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зәкиева Алматыда ВИЧ жұқтырған адамның 13 жасар қызды зорлағанын растады

Қоғам
Зәкиева Алматыда ВИЧ жұқтырған адамның 13 жасар қызды зорлағанын растады
pixabay.com

Алматыда ВИЧ-инфекциясын жұқтырған ер адам досының 13 жастағы қызын зорлағаны кеше хабарланған болатын. Бұл іс адвокат Ләззат Рақышеваның жазбасынан кейін резонанс алып, құқық қорғау органдары БАҚ өкілдеріне ақпарат бере бастады, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеп. 

Бүгін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бұл ақпаратты растап, тергеудің аяқталғанын мәлімдеді.

«2025 жылдың желтоқсанында тергеу істі сотқа жіберді. Тергеудің қозғаған бабы – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Істі қараған судья бабын өзгерткен, сондықтан, біз прокуратураға хат жолдадық. Мен Ішкі істер министрлігі және адвокат Ләззат Рақышевамен байланыстамын», - деп жазған ол.

Зәкиеваның сөзінше, қыз бала қазір балаларды қорғау орталығында өмір сүріп жатыр. Оның анасын шақырып, кездесу ұйымдастырдық.

Айта кетейік, қыздың ата-анасы ажырасқан. Анасы дәрігерлердің Жаңа жылдық кешінен кейін  алкогольді масаң күйде рульге отырғаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу