freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жалғас Қайролла елордада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалында күреседі

Спорт
Жалғас Қайролла елордада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалында күреседі
IJF

Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла елордада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алтын медалі үшін күреседі, деп хабарлайды Malim.kz.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында командаласы Досхан Жолжақсыновтан басым түсті. 

Жалғас ақтық сында молдовалық спортшы Петру Пеливанмен күреседі. 

Ал Досхан Жолжақсынов бразилиялық Дэвид Лимамен қола жүлдені өзара сарапқа салады. 

Сондай-ақ 73 келіге дейінгі салмақта Аңсарбек Ғайнуллин жартылай финалда ресейлік Данил Лаврентьевке жол берді. Енді отандасымыз қола жүлде үшін өтетін белдесуде молдовалық Влад Митрумен күш сынасады.

Айта кетейік, финалдық кезең 17:00-де басталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу