Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбыл облысында діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды

Қоғам
Жамбыл облысында діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды

Жамбыл облысында полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен тұрақты діни радикалдар тобының 11 мүшесін ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Олар әлеуметтік желілерде шетелдік радикалды уағызшылардың дәрістерін, аудио және бейнематериалдар таратқан. Бұл материалдардың кей бөліктеріне бұрын сот тәртібімен Қазақстан Республикасының аумағында діни араздықты қоздырушы ретінде таратуға тыйым салынған болатын.

Тұрақты мекенжайлары бойынша жүргізілген тінту кезінде түрлі діни мазмұндағы материалдар мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Сараптама нәтижесінде аталған материалдарда діни араздықты насихаттау белгілері анықталды.

Төрт күдікті, яғни топтың көшбасшылары мен белсенді қатысушылары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, қалғандары мойындау көрсетпелерін берді.

Қазіргі уақытта топ болып діни араздықты қоздыру белгілері бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу