Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбыл облысында полиция департаменті бастығының орынбасары қамауға алынды

Қоғам
Жамбыл облысында полиция департаменті бастығының орынбасары қамауға алынды

Жамбыл облысында полиция департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылып, қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жоғары лауазымды полицей бір күнде қызметтен босатылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ведомство мәліметінше, Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен Ішкі қауіпсіздік департаменті тарапынан ұсталған. Күдікті изоляторға қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ІІМ Ішкі қауіпсіздік департаменті Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының бұрынғы орынбасарын ұстады. 2025 жылдың 29 тамызында ол жағымсыз себептермен жұмыстан қуылған болатын, — деп жазылған ресми мәліметте.

Қазір ол күдікті ретінде уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу басталған.

Фото: freepik.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу