freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңа оқу жылы алдында маңызды кеңес: оқушылар қанша сағат ұйықтауы керек?

Білім-ғылым
Жаңа оқу жылы алдында маңызды кеңес: оқушылар қанша сағат ұйықтауы керек?
Көрнекі фото: shutterstock.com

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп оқушыларының ұйқы режиміне қатысты маңызды ұсыныстар жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мамандардың айтуынша, баланың жеткілікті ұйықтауы оның сабаққа зейін қоюына, ақпаратты есте сақтауына және оқу жүктемесін дұрыс көтеруіне тікелей әсер етеді.

6-12 жас аралығындағы балалар тәулігіне 9-12 сағат, ал 13-18 жастағы жасөспірімдер 8-10 сағат ұйықтауы керек.

Ұйқының ұзақтығымен қатар, күн тәртібінің тұрақты болуы да маңызды. Баланың күн сайын шамамен бір уақытта жатып, бір уақытта оянғаны дұрыс.

Бірінші сыныпқа баратын балаларға оқу жылының алғашқы апталарында ерекше көңіл бөлу ұсынылады. Егер бала қатты шаршаса, оған күндіз екі сағатқа дейін қосымша демалыс ұйымдастыруға болады.

Жазғы демалыстан кейін ұйқы режимін бірден өзгерту де дұрыс емес. Егер бала кеш жатып, кеш тұруға үйренген болса, ұйықтау және ояну уақытын күн сайын біртіндеп ертерек жылжытқан жөн.

Министрлік ата-аналарға кешкі уақытта смартфон, планшет пен компьютерді пайдалануды азайтуды, белсенді ойындарды шектеуді және ұйықтар алдында тыныш әрекеттерге көшуді ұсынады.

Сондай-ақ бөлмені алдын ала желдетіп, қолайлы температураны сақтау маңызды.

Мамандар қосымша сабақ, үй тапсырмасы немесе ойын-сауық үшін баланың түнгі ұйқысын қысқартуға болмайтынын ескертті. Ұйқының тұрақты қанбауы зейіннің төмендеуіне және оқу кезіндегі жұмыс қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу