Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жануарларды қорғайтын инспектордың өзі браконьер

Сұқбат
Жануарларды қорғайтын инспектордың өзі браконьер

Алматы облысында браконьерлермен күресіп жүрген адам өзі браконьерлікпен ұсталды.

«21 қазан күні түнгі сағат он шамасында Қарасай ауданының табиғатты қорғау полициясы арнайы браконьерлермен күрес қызметінің киімін киген, екі аңшы иті бар Қаскелең аулының тұрғынын ұстады. Ол борсық аулап жүрген», деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Ұсталған азаматтың «Нива» көлігінен екі борсықтың денесі табылды. Иттерге таланған борсықтардың жанында браконьерлерлік айыр да болған.

Ұсталған азамат Алматы шекаралық орман шаруашылығы мен жануарларды қорғау инспекциясының қызметкері болып шықты. Оның міндеті браконьерлікпен айналысу емес, браконьерлерді ұстау еді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық Кодексінің 337 бабының 4 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қасқырға қой бақтыру дегеннің жарқын мысалы болатындай-ақ оқиға.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу