freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зейнетақы дауынан кейін 100-ден астам стоматология жабылды

Қоғам
Зейнетақы дауынан кейін 100-ден астам стоматология жабылды
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда стоматологиялық клиникаларға қатысты жоспардан тыс тексерулер жалғасып жатыр. Егер қаңтар айында 73 стоматологияның жұмысы тоқтатылса, қазір жабылған мекемелер саны 140-тан асты, деп хабарлайды Malim.kz TengriHealth-ке сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, ел бойынша 456 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. 5 ақпандағы жағдай бойынша 313 тексеру аяқталған, тоғызы тіркеу сатысында болған, бір тексеру жалғасып жатқан.

«Тексеру нәтижесінде 143 клиника өз жұмысын тоқтатты, – деп хабарлады комитетте. – Ең көп жабылған стоматологиялар Атырау облысында: мұнда 54 клиниканың қызметі тоқтатылды. Алматыда – 26, Ақтөбе облысында – 12, Астанада – 11 және Қызылорда облысында – 10».

Тексеру қорытындысы бойынша клиникаларға жалпы сомасы шамамен 75 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Әртүрлі заңбұзушылықтар бойынша барлығы 476 әкімшілік хаттама толтырылған:

  • Заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет – 140 хаттама, 3,1 млн теңге;
  • Лицензиялау талаптарын бұзу – 62 хаттама, 8,6 млн теңге;
  • Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы қағидаларын бұзу – 84 хаттама, 19,3 млн теңге;
  • Медициналық көмек көрсету стандарттарын өрескел бұзу – 70 хаттама, 3,9 млн теңге.

Сонымен қатар ведомствоның мәліметінше, тіркелмеген және қолдануға тыйым салынған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, сату, пайдалану немесе жарнамалау бойынша 13 дерек анықталған. Бұл заңбұзушылықтар бойынша салынған айыппұл көлемі 6,8 млн теңгені құрады.

Бұған дейін Атырауда "тістің ақшасын" шығарып беретін қылмыстық топ ұсталған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу