Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жетісуде «Бекет» әскери оқу-жаттығуы өтпек

Саясат
Жетісуде «Бекет» әскери оқу-жаттығуы өтпек

5 сәуірде Жетісу облысында «Көктал» оқу полигонында «Батыл Тойтарыс» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының бірінші кезеңі шеңберінде ведомствоаралық «Бекет» оқу-жаттығуы және Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері бөлімшелерімен тактикалық оқу-жаттығудың белсенді кезеңі өтпек.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бұл оқу-жаттығу президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою, сондай-ақ ведомствоаралық үйлесімділікті нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында өтпек.

Оқу-жаттығу барысында Десанттық-шабуылдау әскерлері, ҰҚК Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Ұлттық ұланның бөлімшелерімен бірлесе отырып таулы жағдайларда және елдімекенде ұрыс жүргізу іс-қимылдарын пысықтап, әр түрлі әдіспен десанттауды орындамақ.

«Қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, түрлі ведомстволық топтарды қолдануды ұйымдастыруда жаңа тәсілдер сынақтан өткізілетін болады.

Оқу-жаттығуға 2500-ден астам әскери қызметші және 900-ге жуық қару мен әскери техника бірлігі, соның ішінде армиялық, әскери-көліктік, майдан авиациясы және ұшқышсыз ұшу апараттары қатысады» делінген министрлік хабарламасында.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу