freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жоғары аудиторлық палата: 340 үміткер «Болашақ» стипендиясының талаптарына сәйкес емес

Білім-ғылым
Жоғары аудиторлық палата: 340 үміткер «Болашақ» стипендиясының талаптарына сәйкес емес
bolashak.gov.kz

Қазақстанда халықаралық «Болашақ» стипендиялық бағдарламасын тағайындау барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата мүшесі Тілеген Қаскин Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді.

ЖАП деректеріне сәйкес, стипендия иегерлерін іріктеу процесінде белгіленген талаптар мен ережелердің сақталмау фактілері тіркелген.

340 үміткерге жалпы көлемі 7,7 млрд теңге болатын стипендия іріктеу талаптарына сәйкес келмегеніне қарамастан, министрліктің жеке шешімімен тағайындалған. Сондай-ақ 151 стипендия бекітілген квотадан артық берілген, – деді Тілеген Қаскин.

Оның айтуынша, бағдарламаны басқару барысында жоспарланған көрсеткіштер мен нақты бөлінген стипендиялар арасында айтарлықтай сәйкессіздіктер анықталған.

Стипендияларды мамандықтар бойынша бөлу кезінде де теңгерім бұзылған. Мәселен, жасанды интеллект бағыты бойынша жоспарланған 54 стипендияның тек 5-еуі ғана тағайындалып, қалған 49-ы басқа бағыттарға қайта бөлінген. Бұл стратегиялық маңызды бағыттар бойынша кадр даярлау жоспарына кері әсер етеді, – деді ол.

Жоғары аудиторлық палата өкілінің айтуынша, анықталған бұзушылықтар бағдарламаның тиімділігі мен ашықтығына қатысты қосымша тексерулер жүргізу қажеттігін көрсетеді. Сондай-ақ «Болашақ» стипендиясын бөлу тетіктерін жетілдіру және бақылауды күшейту ұсынылып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу