Қазгидромет 1 мамырда ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнайды, бұршақ түседі және жел, шаңды дауыл сияқты қауіпті метеорологиялық құбылыстар болады. Кей өңірлерде тұман түсіп, үсік жүруі мүмкін.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік және солтүстік-батыс бағытта соғады.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз кей жерлерде жаңбыр, бұршақ түседі және екпінді жел тұрады.
Астанада түстен кейін жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанады. Сонымен қатар шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы өңірлерінде өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Алматыда да жаңбыр мен найзағай болжанса,Қонаевта желдің жылдамдығы 18 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтөбе облысында солтүстік және шығыс бөлігінде жел 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.
Абай облысында шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында жел күшейіп, түнде кей жерлерде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай болады, кей аумақта тұман түседі. Түнде үсік болуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола облысында да жаңбыр, найзағай, бұршақ және шаңды дауыл болжанып отыр. Желдің жылдамдығы 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай облысында түнде және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады.
Жетісу облысында Алакөл маңында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.
Қарағанды облысында желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.
Ұлытау облысында жаңбыр мен найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Қызылорда облысында жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл болады.