Елде ипотека беру ережелерін өзгерту жоспарланып отыр. Жаңашылдықтарды 1 шілдеден бастап енгізу көзделген. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Ұлттық банкте өткен брифинг барысында журналистер ипотека беру ережелерінің шынымен өзгеретінін және нақты ненің өзгеретінін сұрады.
Сұраққа жауап бере отырып, Сүлейменов басты жаңашылдық пайыздық мөлшерлеменің бастапқы жарна көлеміне тәуелділігіне қатысты болатынын айтты.
"Қысқаша айтқанда: егер сіздің бастапқы жарнаңыз 30 пайыз және одан жоғары болса - ипотека бойынша мөлшерлеме 20 пайыздан аспауы тиіс. Егер төмен болса - онда қалған сомаға мөлшерлеме 25 пайызға дейін жетуі мүмкін", - деп түсіндірді ол.
Ұлттық банк басшысы бұл бастаманың мақсаты - қарыз алушыларды жоғарырақ бастапқы жарна құюға ынталандыру екенін атап өтті.
Ол сондай-ақ нарықтағы қазіргі жағдайды әділетсіз деп санайтынын айтты.