Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының жаңартылған бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде:
– доллар 469,55 теңгеден сатып алынып, 476,48 теңгеден сатылып жатыр;
– еуроның сатып алу бағамы 548,03 теңге болса, сату бағасы 557,99 теңгеге жеткен;
– рубль 6,25-6,55 теңге аралығында саудалануда;
– юань 67,80 теңгеден қабылданып, 73,48 теңгеден сатылуда.
Ал Алматы қаласындағы ақша айырбастау орындарында:
– доллар 471,84 теңгеден сатып алынып, 474,49 теңгеден сатылып жатыр;
– еуро бағамы 554,50-558,84 теңге аралығында;
– рубль 6,24-6,38 теңге шамасында саудалануда;
– юань бағамы 68,43-71,09 теңге аралығында қалыптасқан.
Еске салайық, 14 мамырдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа бағамы 474,04 теңгеге жетіп, бір тәулікте 6,18 теңгеге өскен болатын.