Синоптиктер алдағы сейсенбі, 2026 жылғы 17 ақпанға арналған Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, антициклонға байланысты жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің оңтүстік-батысы мен шығысында ғана сақталады.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуы салдарынан еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр қар), түнде оңтүстікте қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады... Республика бойынша ортақ табиғи құбылыстарға тұман, жел күшеюі жатқызылады", деп болжанады.