Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

17 млн жеп қойған жамбылдық бухгалтер ұсталды

Сұқбат
17 млн жеп қойған жамбылдық бухгалтер ұсталды

Жамбыл облысында аудандық әкімдіктің бухгалтері бюджет қаржысын жымқырған деген күдікке ілінді. Байзақ аудандық білім бөлімінің есепшісі 17 млн теңге көлеміндегі мемлекет қаржысын жеп қойған болуы мүмкін. Бұл туралы Кaztag.kz-ке не сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

«Жамбыл облыстық экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері өткізген жедел-тергеу шаралары барысында ҚР ҚМ ҚМК Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің бухгалтері Байзақ ауданындағы мектептердің бірінде істейтін үш мұғалімге ауданның өзге мектептерінде де сабақ береді деген желеумен негізсіз жоғары жалақы аудару жолымен 17 млн теңгеден астам бюджет ақшасын жымқырып келгенін анықтады», - делінген хабарламада.

Қазір бухгалтердің үстінен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған, оған ҚР ҚК 189 бабының 4 бөлімі бойынша айып тағылуы мүмкін. Айыбы анықталса, бухгалтерге 7 мен 12 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бұл іс мектеп директоры да тергелген. Аталған үш мұғалім 2010 жылдан бері көрсетілген мектепте істемеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу