freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

18 тамызға арналған ауа райы болжамы

Экология
18 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: unslpash

Қазақстанда сейсенбі, 18 тамызда, найзағай мен бұршақ аралас жаңбыр жауып, аптап ыстық басылады. Күндізгі ауа температурасы +35...+38°С-қа дейін төмендейді, деп хабарлайды Malim.kz.

"Қазгидромет" РМК мамандары жариялаған ауа райы болжамына сай, 

аптап ыстық екі өңірде сақталады:

Батыс Қазақстан облысында – +35°С-қа дейін;

Маңғыстау облысының оңтүстігінде – +38°С-қа дейін.

"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні күшейеді", – деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Болжам бойынша, республиканың тек оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз.

"Ел аумағында жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және орталықта тұман түседі", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары болады:

жоғары өрт қаупі – Қостанай облысында, Абай облысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының солтүстік-батысы мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігі мен шығысында, Павлодар облысында, Алматы облысының оңтүстігі, шығысы мен орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, шығысы мен орталығында;

төтенше өрт қаупі – Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының батысы мен орталығында, Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігі мен орталығында, Алматы облысының батысы мен солтүстігінде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу