freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

19 мамырға арналған ауа райы болжамы

Экология
19 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: iStock

Қазақстанның оңтүстігінде және батысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Malim.kz.

Ел аумағының басым бөлігінде желдің күшеюі болжанады, ал батыста шаңды дауыл болуы мүмкін. Орталық өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +22...+24°C.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +22...+24°C.

Шымкент қ.: 19 мамырда жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

19 мамырда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, таңертең және күндіз облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

19 мамырда Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, күндіз облыстың шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

19 мамырда таңертең және күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

19 мамырда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

19 мамырда күндіз Алматы облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 19 мамырда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 18 м/с.

19 мамырда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

19 мамырда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

19 мамырда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында  жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында  екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың  солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

19 мамырда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

19 мамырда күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

19 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

19 мамырда түнде Ақмола облысының шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

19 мамырда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

19 мамырда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

19 мамырда Ұлытау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

19 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

19 мамырда Абай облысында жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу