freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

21 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды

Экология
21 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

Қазгидромет 21 сәуірде еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз күн райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, таңертең және күндіз Жамбыл облысыныңбатысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аймақтарда тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы өңірлерінде желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетіп, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында да желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері маңында күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында жаңбыр мен найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз батыс бағытына ауысады, солтүстік аймақтарда екпіні 15 м/с-қа жетеді.

Алматы облысында шығыс, орталық және таулы аудандарда оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с болады. Қонаев қаласында да желдің екпіні осы деңгейде сақталады. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандары) да жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-батыс желі түнде облыстың солтүстік-шығысында 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтау қаласында күндіз кей уақытта жаңбыр мен найзағай болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Жел батыс және солтүстік-батыс бағыттан соғып, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Шығыс бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавл қаласында да күндіз жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.

Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай және жел болады. Таулы өңірлерде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі жарияланған. Түркістан қаласында да желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай және дауыл болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында түнде жаңбыр мен найзағай болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу