Қазгидромет мамандарының болжамына сәйкес, 2026 жылғы 25-27 сәуір аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болады: аптап ыстық пен жаңбыр, найзағай қатар жүреді, деп хабарлайды Malim.kz.
Астана
25 сәуірде күндіз ауа температурасы +24…+26°С-қа дейін көтеріледі, кешке қарай жаңбыр жауады.
26 сәуірде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен дауыл күтіледі, ауа температурасы +13…+15°С-қа дейін төмендейді.
27 сәуірде жауын-шашынсыз, салқындау ауа райы сақталады.
Алматы
сәуірде жауын-шашынсыз, ауа температурасы +22…+24°С болады.
26–27 сәуірде жаңбыр мен найзағай күтіледі, күндіз +18…+26°С аралығында өзгереді.
Шымкент
Оңтүстікте ауа райы жылы болады. 26 сәуірде температура +28…+30°С-қа дейін жетеді.
Ал 25 және 27 сәуірде күн ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Метеорологтардың айтуынша, алдағы күндері ел аумағында ауа райының күрт өзгеруі байқалып, күн жылуы мен найзағайлы жаңбыр алмасып отырады.