Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

4,5 миллиард теңге жымқырды делінген OrdaMed басшысы Еркін Ділімбетовке іздеу жарияланды

Құқық
4,5 миллиард теңге жымқырды делінген OrdaMed басшысы Еркін Ділімбетовке іздеу жарияланды
Qamqor.gov

"OrdaMed" АҚ басқарма төрағасы Еркін Длімбетовке қатысты іздестіру ісі қозғалды. Ол ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастамасымен Астанада іздеу жарияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz. жазды. 

Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше, іздестіру карточкасына сәйкес, Еркін Длімбетовке қатысты іздестіру ісі 28 қаңтарда Астана қаласында тіркелген. 

"Іздестіруді бастауға Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастамашы болған. Іздеу жұмыстарын комитетке қарасты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр. Қазір істің өзге мән-жайлары жария етілген жоқ", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін OrdaMed басшылығы Қазақстанда өндірілген деп көрсетілген медициналық жабдықтарды шын мәнінде шетелден тасымалдап, мемлекеттік емдеу мекемелеріне заңсыз артықшылықтармен өткізген. Тергеу мәліметіне сәйкес, схема мемлекетке 4,5 млрд теңге шығын келтірген. Қылмыстық іске компания басшысы, танымал кәсіпкер Еркін Длімбетовтің қатысы бар. 

Еске салайық, осыдан үш күн бұрын "OrdaMed" АҚ-ның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынған еді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу