Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

5 қыркүйекте бірқатар өңірде үсік жүреді

Экология
5 қыркүйекте бірқатар өңірде үсік жүреді

Қазақстанда алдағы жұмада, 2025 жылы 5 қыркүйекте үсік жүреді, найзағай ойнайды, нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болжамға сәйкес, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1°С суықты көрсетеді деп күтіледі.

"Қазақстан аумағының батысы мен солтүстігі солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің батысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсуі де мүмкін... Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыс желдің екпін алуы болып табылады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте, шығыста түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі", -деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Фото: unsplash

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу