freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

9-11 мамыр: Астанада күрт суытады, Алматыда нөсер жаңбыр болады

Экология
9-11 мамыр: Астанада күрт суытады, Алматыда нөсер жаңбыр болады
Фото: depositphotos.com

Синоптиктер Қазгидромет алдағы үш күнде – 9, 10 және 11 мамырда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

9 мамыр – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы: түнде +11…+13°, күндіз +21…+23°.

10 мамыр – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы: түнде +8…+10°, күндіз +10…+12°.

Алматыдағы ауа райы болжамы

9 мамыр – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел 3–8 м/с, кей уақытта екпіні 13 м/с. Температура: түнде +18…+20°, күндіз +31…+33°.

10 мамыр – құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, кешке қатты жаңбыр. Жел 3–8 м/с, екпіні 15–18 м/с. Температура: түнде +16…+18°, күндіз +20…+22°.

11 мамыр – бұлтты, жаңбыр, кей уақытта нөсер және найзағай. Батыс және солтүстік-батыстан жел 3–8 м/с, екпіні 15–18 м/с. Температура: түнде +10…+12°, күндіз +18…+20°.

Қазақстанда үсік күтіледі

Синоптиктердің айтуынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады – жаңбыр мен найзағай болжанады. Ауа температурасы төмендеп, 11 мамырда елдің солтүстік жартысында түнде 1–6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу