Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әкесін ұрып өлтірген түркістандық 5 жылға сотталды

Қоғам
Әкесін ұрып өлтірген түркістандық 5 жылға сотталды
Фото: видеодан кадр

Түркістан облысының Жетісай аудандық сотында дәрменсіз күйде болған адамға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру және азаптау бойынша айыпталған Алмас Садақбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сотттың ақпаратынша, сотталушы Алмас Садақбаев 2020 жылдан бері денсаулығы нашарлап, қозғалуында қиындықтары болған 70 жастағы әкесін жүйелі түрде ұрып-соққан. Салдарынан жәбірленуші физикалық және психикалық азап шегіп, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген.

Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайларды: бұрын сотталмағаны, кінәсін мойындауы және өкініш білдіруі, кәмелетке толмаған балаларының болуын ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

 Сот үкімімен оған түпкілікті жаза ретінде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Естеріңізге сала кетсек, желіде 40 жастағы тамада жігіттің өз әкесін аяусыз ұрған видеосы тараған еді.

Артынша әкесінің қайтыс болғаны да белгілі болды. Тергеу барысында полиция қарияның неден қайтыс болғанын анықтау үшін эксгумация жасады.

Еске салсақ, өз әкесін аса қатыгездікпен ұрып-соқты деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаев кінәсін толық мойындап, сотта жылап, кешірім сұраған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу