Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әкесін ұрып өлтірген түркістандық 6 жылға сотталуы мүмкін

Құқық
Әкесін ұрып өлтірген түркістандық 6 жылға сотталуы мүмкін
видеодан скриншот

Түркістан облысында өз әкесін ұрып өлтірді деп айыпталып жатқан Алмас Садақбаевқа сотта 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сұралды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Сотта ауыр қылмыстық іс бойынша жарыссөздер өтті. Өз әкесін аса қатыгездікпен ұрып-соқты деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаев кінәсін толық мойындап, сотта жылап, кешірім сұрады.

“Кешірім өтінемін. Қазір ұяттан басымды көтере алмаймын. Өзім де не болғанын білмеймін. Есімнен адастым. Соттан жазамды жеңілдетуді сұраймын. Кәмелетке толмаған балаларым бар. Әйелім жұмыс істемейді, отбасындағы жалғыз асыраушымын”, – деді ол.

Оның адвокаты да соттан қатаң жаза қолданбауды өтінді. Мемлекеттік айыптаушы Алмас Садақбаевты 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды және 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды сұрады. Үкім ертең, 15 қаңтарда жарияланады.

Еске салайық, 2025 жылдың қыркүйегінде Түркістан облысында ер адамның өз әкесін аяусыз қорлап, балағаттап, тіпті ұрып-соққан видеосы тараған еді. Облыстық полиция ер адамды қамауға алды. Жуырда әкесін аяусыз ұрған түркістандық ер адамға екі бап бойынша айып тағылғаны туралы жазғанбыз. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу