Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әкім заң мен тәртіпті өмір салтына айналдыруға шақырды

Құқық
Әкім заң мен тәртіпті өмір салтына айналдыруға шақырды
ФОТОЛАР: © Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының XXVI сессиясында өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту және құқықтық тәртіпті нығайту қажеттігі туралы қатаң әрі нақты мәлімдеме жасады.

Өңір басшысының айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда кез келген құқықбұзушылыққа мүлде   төзбеушілік қалыптастыру жөніндегі тапсырмасы өңірлерде сөзсіз орындалуға тиіс. Әкім қауіпсіздік, азаматтардың сенімі және мемлекеттік жұмыстың тиімділігі әрбір басшы мен мемлекеттік қызметшінің заң аясында әрекет етуге дайын болуына тікелей байланысты екенін атап өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының XXVI сессиясында - өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыстық мәслихаттың XXVI сессиясында

«Президент заң мен тәртіп қағидаларын берік ұстануға шақырып отыр. Қоғамда кез келген, тіпті ең ұсақ құқықбұзушылыққа да төзбеушілік қалыптасуда. Коррупциялық тәуекелдер мәселесі ерекше бақылауда болады, және біз кез келген белгіге жедел әрекет етуге дайынбыз — бұл ортақ міндетіміз», —

деді Нұрымбет Сақтағанов.

Өңір әкімі ешқандай құқықбұзушылық назардан тыс қалмайтынын ескертті.

«Әріптестерімді тағы да ескертемін: кез келген факт және кез келген ақпарат міндетті түрде тексеріледі, материалдар тиісті органдарға жолданады», — 

деп баса айтты ол.

Еске сала кетейік, бұдан сәл бұрын облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметінен босатылған болатын.

Нұрымбет Сақтағанов барлық деңгейдегі басшыларды кәсіби этиканы және заң талаптарын қатаң сақтауға шақырып, заң мен тәртіп – жай ұран емес, өмір салты болуы тиіс екенін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу