АҚШ БҰҰ-ның Газада атысты тоқтату туралы қарарына вето қойды

Қарарға АҚШ-ты қоспағанда Кеңестің қалған 14 мүшесі дауыс берді

Malim Админ

  • 21.11.2024

Қарарды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес 10 мүшесі әзірлеген. Онда Газа секторында атысты жылдам тоқтату туралы айтылған. Қарарға АҚШ-ты қоспағанда Кеңестің қалған 14 мүшесі дауыс берді. 


Сондай-ақ қарар Газа секторындағы израильдік тұтқындардың барлығын «дереу және сөзсіз босатуды» талап етеді. Вашингтон Газадағы атысты келісімсіз тоқтату талабына қарсы шықты.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы арнайы өкілінің орынбасары Роберт Вуд Нью-Йорктегі сессияда дауыс беру алдында АҚШ тек атысты тоқтату аясында кепілге алынғандарды дереу босатуды нақты талап ететін қарарды ғана қолдайтынын мәлімдеді.

«Біз бұған дейін бірнеше рет мәлімдегеніміздей, кепілге алынғандарды босатпай атысты тоқтатуды қолдай алмаймыз. Соғыс кепілге алынғандарды босатумен аяқталуы керек. Бұл екі өзекті мақсат бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл қарар бұл қажеттілікті жоққа шығарды, сондықтан Құрама Штаттар оны қолдай алмады», - деді АҚШ-тың БҰҰ-дағы ресми өкілі.

Жалпы АҚШ атысты тоқтату Газада кепілге алынған барлық адамның аман-есен бостандыққа шығуымен байланысты болуы керек деп санайды.

Израильдің БҰҰ-дағы Елшісі Дэнни Данон АҚШ-қа вето құқығын пайдаланғаны үшін алғыс айтып, Байден әкімшілігі «адамгершілік пен әділеттілік жағында» екенін мәлімдеді.

Ал Палестинаның БҰҰ-дағы өкілінің орынбасары Маджед Бамия Қауіпсіздік кеңесінің сәрсенбі күні таңертең өткен отырысында атысты тоқтату көптеген адамның өмірін сақтап қалады деді.

«Әлем жазықсыз палестиналықтардың өліміне, аш жүрген палестиналық балаларға, балаларын алып, бір жерден екінші жерге мәжбүрлі қоныс аударған аналарға үйренбеуі керек», - деді Палестина өкілі.

Айта кететін жайт, бұл АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің Израиль өткен қазан айында әскери шабуылын бастағаннан бері Газа секторындағы соғысты тоқтатуды талап ететін қарарға тыйым салып отырған төртінші жағдай.

Еске салсақ, АҚШ Палестинаға БҰҰ-ға толық мүшелік мәртебесін беру туралы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына вето қойды.

Фото: UN News

Байланысты жаналықтар

АҚШ-та Хабиб Нурмагамедовті ұшақтан түсіріп тастады

12.01.2025

АҚШ-тың Мэриленд штатында Мұхтар Мағауинді ақтық сапарға шығарып салды

12.01.2025

АҚШ-та ұшақта ақау шығып, 200-ден аса жолаушы эвакуацияланды (ВИДЕО)

11.01.2025

Айырмашылық – 8 млн тонна. АШМ деректер қайшылығын түсіндірді

11.01.2025

АҚШ Ресейдің мұнай өнеркәсібіне қарсы ең қатаң санкцияларын енгізді

11.01.2025

Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді

10.01.2025
MalimBlocks
АҚШ-та Хабиб Нурмагамедовті ұшақтан түсіріп тастады

Ал Хабибтің өзі мұны әділетсіздік деп бағалаған.

АҚШ-тың Мэриленд штатында Мұхтар Мағауинді ақтық сапарға шығарып салды

Қоштасу рәсіміне ондаған адам қатысты. Арасында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев бар.

АҚШ-та ұшақта ақау шығып, 200-ден аса жолаушы эвакуацияланды (ВИДЕО)

Ұшақтың қозғалтқышында ақау шыққан

Айырмашылық – 8 млн тонна. АШМ деректер қайшылығын түсіндірді

АҚШ министрлігінің мәліметінше, елімізде өнім 8 млн тонна аз жиналған

АҚШ Ресейдің мұнай өнеркәсібіне қарсы ең қатаң санкцияларын енгізді

Бұл Ресейдің мұнай экспортын айтарлықтай қиындатуы мүмкін

Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді

Жазушы АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде бақилық болды