АҚШ Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерден шығып кетуі мүмкін

Арман Қайыпхан

  • 18.04.2025

АҚШ Украинадағы соғысты тоқтату мүмкіндігін жуық арада анықтауы керек. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол Франция астанасы Парижден (Ле-Бурже әуежайы) еуропалық шенеуніктер мен президент Эммануэль Макронмен кездесулерден кейін ұшып кеткен сәтінде сөйледі.

"Бізге қазір, келесі бірнеше күн ішінде, қысқа мерзімде бітімге келу мүмкін бе, соны анықтау қажет. Егер мүмкін болмаса, меніңше, біз жай ғана ары қарай жылжимыз", – деп келтірді оның сөзін AFP агенттігі.

"Егер келісімге келу мүмкін болса – қатысамыз. Болмаса – басқа маңызды басымдықтарымыз бар, соларға көңіл бөлеміз", – деді Рубио.

Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың Украинаға соңғы үш жыл бойы көмектесіп келе жатқанын атап өтті, алайда:

"Біз бұл соғыстың аяқталғанын қалаймыз, бірақ бұл – біздің соғысымыз емес", – деп қосты ол.

The New York Times жазғандай, Рубио АҚШ президенті Дональд Трамптың соғысты тоқтатуға байланысты жоғары деңгейде 87 күн бойы күш салғанын еске салды.

"Қазір біз шешім қабылдайтын кезеңге жеттік – бұл соғысты тоқтату мүлде мүмкін бе, әлде жоқ па", – деп түйіндеді ол.

17 сәуірде өткен келіссөздер – Трамп әкімшілігі мен Еуропа арасындағы Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымдарды жақындатуға бағытталған алғашқы ресми кездесу болды.

Фото: Saul Loeb/Pool Photo/AP/picture alliance

Байланысты жаналықтар

Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салынды

23.05.2025

Путиннің кеңесшісі: «КСРО ресми тараған жоқ»...

22.05.2025

Вашингтонда Израиль елшілігінің екі қызметкері оққа ұшты

22.05.2025

Лавров: Ресей Украинадағы атысты тоқтатудан бас тартады

21.05.2025

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

21.05.2025

Еуроодақ Ресейге қарсы 130-дан астам санкциялық шара қабылдады

20.05.2025
MalimBlocks