Байден Иордания королімен Асад режимі құлағаннан кейінгі аймақтағы жағдайды талқылады

Malim Админ

  • 10.12.2024

АҚШ мемлекеттік департаменті Америкада террористік ұйым деп танылған Хаят Тахрир аш-Шам тобының мәртебесін әзірге қайта қарастырмайды.

Дүйсенбі күні АҚШ президенті Джо Байден Иордания королі Абдалла II мен телефон арқылы сөйлесіп, Сирияда Башар Асад режимі құлағаннан кейінгі аймақтағы жағдайды талқылады, деп хабарлады Ақ үй.

Байден мәлімдемесінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 қарарында көрсетілгендей, Сирияны Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен басқаруға көшуді толық қолдайтынын атап өтті.

Сондай-ақ Байден мен Абдулла АҚШ-тың террористік «Ислам мемлекеті» ұйымының көзін жою миссиясын алға тартып, Сирияның шығысындағы жағдайды, соның ішінде, кеше түнде содырлар лагерлері мен «Ислам мемлекеті» басшылары орналасқан жерлерге жасалған соққыларды да талқылады.

«Президент Америка Құрама Штаттары Иорданияның тұрақтылығын және Иорданияның Таяу Шығыстағы тұрақтылықты сақтаудағы және шиеленісті шешудегі маңызды рөлін қолдайтынын қуаттады», - делінген Ақ үйдің мәлімдемесінде.

Азаматтық соғыс басталған 2011 жылдан бері бір миллионнан астам сириялық көршілес Иорданияға босып кеткен. Амман билігі Асад үкіметі құлағаннан кейін тағы бір босқын дағдарысы болмайды деп үміттенеді.

Бұл сөйлесу АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Джон Басс пен АҚШ Мемлекеттік хатшысының Таяу Шығыс бойынша көмекшісі Барбара Лифтің негізгі серіктестермен кеңесу үшін аймаққа сапары алдында жасалды. Олар дүйсенбіде Иорданияның Амман қаласында болды және демалыс күндері Катарға ұшады,- деп хабарлады Мемлекеттік департамент.

Дүйсенбі күні ресми Вашингтон Башар Асад үкіметін құлатқан сириялық көтерілісшілер тобының «шетелдік лаңкестік ұйым» деген атауын қайта қарастырмайтынын мәлімдеді. Дегенмен, мұндай мәртебелердің жүйелі түрде қаралатыны, статус жарамды болса да, белгі АҚШ шенеуніктерінің топпен келіссөздер жүргізуіне кедергі келтірмейтіні атап өтілді.

- Демалыс күндері болған оқиғаларға байланысты нақты тексеру жүргізілмейді. Дегенмен, біз әрқашан бағалау жасаймыз. Егер олардың әрекеттерінде өзгерістер болса, бұл біздің санкциялық саясатымызды қайта қарауға әкелуі мүмкін. Бірақ қазіргі күні жаңа ештеңе жоқ,- деді Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер.

Террористік ұйым ретінде танылған топтарға көптеген санкциялар салынады. Оның ішінде «материалдық қолдау көрсетуге» тыйым да бар. Дегенмен, Миллер бұл жағдай топ мүшелері мен АҚШ шенеуніктері арасындағы келіссөздерге кедергі келтірмейтінін атап өтті.

Associated Press агенттігіне аты-жөнін атамауды өтінген әкімшіліктегі жоғары лауазымды қызметкерінің айтуынша, HTS Сирияда болып жатқан оқиғалардың «маңызды құрамдас бөлігі» болады және Америка Құрама Штаттары олармен «АҚШ мүдделерін ескере отырып араласуы керек».

Материал Америка даусы сайтының негізінде дайындалды
Фото: AP Photo / Julia Demaree Nikhinson

Байланысты жаналықтар

АҚШ "Азаттық радиосын" қаржыландыруды қайта бастады

27.03.2025

Литвада төрт америкалық сарбаз көз жұмды

26.03.2025

Трамп Колорадодағы Капитолийде ілінген портретін сынап тастады

24.03.2025

АҚШ-пен келіссөздер нәтижелі болды - Умеров

24.03.2025

Эр-Риядта Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі басталды

24.03.2025

АҚШ 500 мың мигрантты елден шығарғалы жатыр

23.03.2025
MalimBlocks
АҚШ "Азаттық радиосын" қаржыландыруды қайта бастады

Литвада төрт америкалық сарбаз көз жұмды

Трамп Колорадодағы Капитолийде ілінген портретін сынап тастады

АҚШ президенті Дональд Трамп Колорадо штаты Капитолийінде ілінген өзінің портретін сынап тастады

АҚШ-пен келіссөздер нәтижелі болды - Умеров

Украинаның қорғаныс министрі Рустем Умеровтың айтуынша, Сауд Арабиясында өткен кездесуде екі елдің делегациялары маңызды мәселелерді талқылады

Эр-Риядта Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі басталды

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі басталды

АҚШ 500 мың мигрантты елден шығарғалы жатыр

АҚШ билігі Куба, Гаити, Никарагуа және Венесуэла азаматтарына арналған CHNV миграциялық бағдарламасын тоқтатты. Осыған байланысты 500 мыңға жуық мигрант ел аумағынан бір ай ішінде кетуге тиіс