Ердоған Наурыз мерекесін Түркияда да атап өтуді ұсынды

Арман Қайыпхан

  • 22.03.2025

Президент Режеп Тайып Ердоған Наурыз мерекесінің түркі әлемінің ортақ еске алу және тойлау күні ретінде тойлануын ұсынатындарын айтты, деп хабарлайды Malim.kz trtavaz.com.tr сайтына сілтеме жасап.

Наурыз – тек бір этникалық қауымның ғана емес, бүкіл халықтың, ұлт пен географияның мерекесі. Бүгінде Түркістаннан Анатолияға, Балқаннан Кавказға дейін Наурыздың шуақты көктемі жайнап, жаңа күннің нұрын шашуда. Бұл мереке – алавиттер мен сүнниттердің, түріктер мен күрдтердің, барша түркі жұртының ортақ мейрамы. Наурыз – біздің ортақ мәдениетіміздің, тарихымыздың, тағдырымыз бен рухани бірлігіміздің ең маңызды символы. Біз бұл мерекенің мән-маңызын терең түсініп, оны одан әрі нығайта түсуіміз қажет деп санаймыз, - деді Түркия президенті.

Наурыздың көктемнің хабаршысы екенін атап көрсеткен Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне 21 наурызды Түркияда ресми мереке ретінде жариялау туралы ұсыныс жасайтындарын білдірді.

Наурыз – ортақ мәдениетіміздің, ортақ тарихымыздың, тағдыр мен жүрек бірлігіміздің ең маңызды символы. Біз Наурыздың осы қасиетін және ол білдіретін құндылықтарды одан әрі нығайтуымыз керек деп есептейміз. Енді осы мағыналы кездесуде бір тілегімізді сіздермен бөліскім келеді. Жыл сайын қазан айының 3-і күні атап өтілетін Түрік ынтымақтастығы күні сияқты кейбір бауырлас елдерде ресми мереке саналатын Наурыз мерекесін Түркі мемлекеттері ұйымының шаңырағы астында бірге тойлайтын кез келді деп есептейміз. Наурыз құт-берекелі болсын! - деді ол.

Фото: trtavaz.com.tr

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті