Физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Сыйлық гендік белсенділікті реттеудің негізгі принципін ашқаны үшін берілді

Malim Админ

  • 07.10.2024

Физиология және медицина саласындағы 2024 жылғы Нобель сыйлығы микроРНҚ-ны ашқаны және гендердің белсенділігін реттеу қағидатын ашқаны үшін америкалық Виктор Эмброс пен Гэри Равканға берілді. Бұл туралы BBC  хабарлады.    


72 жастағы Гэри Равкан молекулалық биология және генетика саласында жұмыс істейді. Ол Ұлттық ғылым академиясы және АҚШ Медицина академиясының, сондай-ақ Америка философиялық қоғамының мүшесі.

АҚШ Ұлттық ғылым академиясы мен Америка өнер және ғылым академиясының мүшесі Виктор Эмброс 70 жаста. Ол микроРНҚ зерттеушісі ретінде танымал болды және көптеген зерттеулерін Гэри Равканмен бірге жүргізді.

Нобель комитетінің сайтында айтылғандай, сыйлық гендік белсенділікті реттеудің негізгі принципін ашқаны үшін берілді.

Біздің хромосомаларымызда сақталған ақпаратты денеміздегі барлық жасушаларды пайдалануға арналған нұсқаулықпен салыстыруға болады. Әрбір жасуша хромосомалары бірдей, сондықтан әрбір жасушада гендер жиынтығы және нұсқаулықтары бірдей болады.

Дегенмен, бұлшықет және жүйке жасушалары сияқты жасушалардың әртүрлі түрлері мүлдем басқа сипаттамаларға ие. Бұл айырмашылықтар гендік реттеумен түсіндіріледі, бұл әрбір жасушаға тек өзіне қажетті нұсқауларды таңдауға мүмкіндік береді. Осылайша, әрбір жасуша типінде гендердің дұрыс жиынтығы ғана белсенді болады.

Виктор Эмброс пен Гэри Равкан әртүрлі типтегі жасушалардың дамуын зерттеді. Олар гендік реттеуде маңызды рөл атқаратын РНҚ молекулаларының жаңа класы – микроРНҚ-ны ашты.

Олардың жаңалығы гендік реттеудің мүлде жаңа принципін ашуында, ол көп жасушалы организмдер, соның ішінде адамдар үшін өте маңызды болып шықты.

Ғалымдар Нобель сыйлығын гендік белсенділікті бақылау үшін жасушаларда қолданылатын маңызды реттеу механизмін ашқаны үшін алды.

Өткен жылы медицина және физиология саласындағы Нобель сыйлығы РНҚ негізіндегі вакцинаның жаңа түрін жасауға әкелген жаңалықтары үшін Каталин Карико (Венгрия) мен Дрю Вайсманға (АҚШ) берілді.

Фото: pixabay.com 

Байланысты жаналықтар

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

Әлемдегі ең бақытты қала аталды

09.05.2025
MalimBlocks
Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

Әлемдегі ең бақытты қала аталды

Әлемдегі ең бақытты қалалардың рейтингі жарияланды