Илон Маскқа ашулы белсенділер Tesla көлігін қиратып тастады

Ұлыбритания астанасының оңтүстігінде белсенділер тобы Tesla көлігін қиратып, америкалық миллиардер Илон Маскқа қарсы наразылық акциясын өткізді, деп хабарлайды Malim.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Акцияны ұйымдастырған Everyone Hates Elon (Барлығы Илонды жек көреді) атты топ байлық пен меншікті бөлудегі теңсіздікке қоғам назарын аударуды мақсат еткен.
"Hardess Studios" аумағында өткен шара барысында белсенділер кезек-кезек Tesla Model S көлігін балғамен және бейсбол таяқшаларымен ұрып, оны бөлшектеп тастады.
Ұйым өкілдерінің айтуынша, көлік анонимді донордың сыйы болған. Ол бұл акция арқылы әлеуметтік әділетсіздік туралы қоғамдық пікірталас тудыруды көздеген.
Қатты зақымдалған көлік жақын арада аукционға қойылады, ал одан түскен қаражат қайырымдылық мақсаттарға жұмсалмақ.
Фото: Theo Wargo/WireImage