Израиль шабуылынан соң Иран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шықты

Иран әлемдік ұйымнан төтенше отырыс өткізуді сұрайды

Мәди Саматұлы

  • 27.10.2024

Израиль Иранның әскери нысандарына соққы жасағаннан кейін Иран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шығып, төтенше отырыс өткізуді сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Әмір Саид Ираванидің өтініші БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы (Швейцария) әрі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке жіберілді.

Ол өз өтінішінде Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасынан осы маңызды заңбұзушылықты және заңсыз әрекеттерді қарау үшін шұғыл жиналыс өткізуді және бұл қылмыстық режимді жауапкершілікке тартуды сұраған.

Сондай-ақ, Иран Гутерриш пен Қауіпсіздік Кеңесін Израильді «халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын өрескел бұзғаны үшін» айыптауға және осы заңбұзушылықтардың жазасыз қалмайтынын көрсетуге шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қазанға қараған түні Израиль Иранның әскери нысандарына соққы жасаған еді. Иран президенті Масуд Пезешкиан бұл шабуылғалайықты жауап беретіндерін мәлімдеді.

Фото: pexels.com

Байланысты жаналықтар

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

07.05.2025

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

06.05.2025

Израиль Сириядағы әскери нысандарға шабуыл жасады

03.05.2025

Иранда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

27.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025
MalimBlocks
Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

Бұл туралы Трамп Канада премьер-министрімен кездесуінде айтты

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

Әуе соққысынан 16 адам зардап шекті

Израиль Сириядағы әскери нысандарға шабуыл жасады

Иранда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Иранда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті