Израильдің футбол жанкүйерлері Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды

Газа секторындағы қақтығыс 2023 жылы 7 қазанда басталған

Мадина Қайнарова

  • 10.09.2024

Будапешт қаласында Израиль-Италия матчі өтті. Оған келген израильдік жанкүйерлер матч кезінде Газа секторында болып жатқан соғысты тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Euronews.

Израильдік жанкүйерлер УЕФА Ұлттар Лигасының екінші турының Израиль мен Италия құрамалары арасындағы матчын тамашалады. Кездесу Будапештте өтіп, италиялықтардың жеңісімен аяқталды – 2:1.

Жанкүйерлердің бірқатары матч туралы айтып жатса, бірқатары Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысты тоқтатуға үндеді.

Беэр-Шевадан келген жанкүйер: "Біз бейбітшілікті қалаймыз, бізге соғыс, ұрыс пен атыс ұнамайды. Елімізде бірге өмір сүргіміз келеді".

Тель-Авивтен келген жанкүйер: "Ұлттық құрама ойыншысының досы соғыста қаза тапты. Сондықтан соғыс әрқайсымызға әсер етеді. Израиль – шағын мемлекет. Барлығымыз азап шегіп жатырмыз. Бірақ, баршамызды қуантатын бір нәрсе бар, ол - футбол".

Ашкелоннан келген жанкүйер: "Қарындасымның ұлы 7 қазанда Газа аумағында болуға тиіс еді, онда террористер келіп әскерилерді өлтірді. Бірақ мереке болғандықтан, күндіз өзінің досымен ауысып алыпты. Оның достарының көбі қаза тапты, оларды өлтіріп кетті".

Кейбір еуропалық қалалар, оның ішінде Брюссель, қауіпсіздік мәселесіне байланысты Ұлттар Лигасының матчын қабылдаудан бас тартқан болатын. Венгрияда Израильдің футболдан ерлер мен әйелдер құрамасы ойын көрсетті.

Фото: euronews.com

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Анкараға жетті

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды