Киев Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдетуге келісуі мүмкін

Арман Қайыпхан

  • 17.03.2025

Батыс елдері Ресейге салған санкцияларды Украина бойынша бейбіт келісім аясында алып тастауы ықтимал. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленскийдің санкциялық саясат жөніндегі уәкілі Владислав Власюк мәлімдеді, деп хабарлайды Politico басылымы.

Власюктің айтуынша, әлем елдерінің Ресеймен қандай да бір формада қайта бизнес жүргізуі – уақыт мәселесі, бірақ бұл дұрыс жағдайда жүзеге асуы керек.

Оның сөзіне қарағанда, санкцияларды алып тастау туралы нақты қандай шешімдер қабылдануы мүмкін екенін айту әзірге ерте.

“Қазір біз ең алдымен Ресейдің бейбітшілікке қарай елеулі қадамдар жасағанына көз жеткізгіміз келеді, содан кейін ғана санкцияларды жеңілдету туралы әңгіме қозғауға болады”, – деді украиналық шенеунік.

Сондай-ақ, ол қандай санкциялар Ресей үшін ең ауыр екенін білу әрқашан маңызды екенін атап өтті.

“Біз бұл тетікті ақылмен пайдалануымыз керек”, – деді Власюк.

Оның айтуынша, кез келген ұзақ мерзімді келісім аясында Киев өз халқы үшін әділеттілікке қол жеткізуге ұмтылады, соның ішінде украиналықтарға өтемақы төлеу мәселесі де қарастырылуы мүмкін.

Фото: EU/Lukasz Kobus

Байланысты жаналықтар

Ұлттық қорға ақша құюшы компаниялар саны 8,5 есеге қысқарған

19.05.2025

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19.05.2025

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025
MalimBlocks
Ұлттық қорға ақша құюшы компаниялар саны 8,5 есеге қысқарған

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейту туралы талқылады

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды