Лаңкестік шабуылдан 80 адам қаза тапты

«Боко Харам» лаңкестері үкімет кеңсесіне шабуыл жасаған

Malim Админ

  • 05.09.2024

Нигерияда «Боко Харам» лаңкестік тобы Йобе штатындағы Мафа ауылына шабуыл жасап, 80-ге жуық адамның өмірін қиды. Бұл туралы “The Guardian» жазды.


Басылымның мәліметінше, 1 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында мылтық пен оқ-дәрімен қаруланған 150-ге жуық «Боко Харам» лаңкестері 50-ден астам мотоциклмен үкімет кеңсесіне шабуыл жасаған.

– Олар көптеген адамдарды өлтірді, көптеген дүкендер мен үйлерді өртеп жіберді. Біз шабуылда қаза тапқандардың нақты санын әлі анықтаған жоқпыз, – деді жергілікті билік өкілдері.

Полиция өкілінің айтуынша, шабуылдың мақсаты Мафа сарбаздары Боко Харамның екі содырын өлтіргені үшін кек алу болған.

Ақпарат үшін, «Боко Харам» топ мүшелері Нигерияда 2002 жылдан бері белсенділікпен Батыс ықпалына қарсы күресіп келеді. Соңғы жылдары қозғалыс әрекеттері одан әрі радикалды сипатқа ие болуда. Бұл топтың лаңкестері осы жылдар ішінде мыңдаған адамның өмірін қиды. Атап айтқанда, «Боко Харам» және басқа да топтар Нигерияның солтүстік-шығысында 15 жылдан бері 40 мыңнан астам адамды өлтірді. Орталық және солтүстік-батыс Нигерияның халқы көп жылдар бойы халық арасында «бандит» деген атпен белгілі бұл қылмыстық топтардан зардап шегіп келеді.

Айта кетейік, мамыр айында «Боко Харам» исламшыл тобынан болуы мүмкін қарулы содырлар Нигерияның орталығындағы Нигер штатында Кучи ауылын ойрандап, 160 адамды ұрлап әкеткен еді.

Фото: kp.ru   

Байланысты жаналықтар

Шымкентте терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

09.04.2025

Қостанай облысында антитеррористік оқу-жаттығу өтеді

07.04.2025

Ел оңтүстігіндегі ауылда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

03.04.2025

Германияда үш жасөспірім лаңкестікке қатысты түрмеге қамалды

23.03.2025

Tesla компаниясына жасалған шабуылдар терроризмге теңестіріледі

22.03.2025

Колониялардың бірінде теракт жасамақ болғандар ұсталды

25.11.2024
MalimBlocks
Шымкентте терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

Шымкентте терроризмді насихаттаған адам сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Қостанай облысында антитеррористік оқу-жаттығу өтеді

Ел оңтүстігіндегі ауылда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

Германияда үш жасөспірім лаңкестікке қатысты түрмеге қамалды

Шабуыл жасау үшін олар бірнеше қаланы таңдаған

Tesla компаниясына жасалған шабуылдар терроризмге теңестіріледі

Колониялардың бірінде теракт жасамақ болғандар ұсталды

Террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан