Қытай сауда соғысында АҚШ-ты жеңуге шамасы жете ме?

Сабина Асқарқызы

  • 07.04.2025

Қытайдың қаржы министрі Лань Фоань АҚШ-тың барлық тауарына 34 пайыздық баж салығын жариялады. Ол 10 сәуірден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды  Malim.kz.

 The Wall Street Journal (WSJ) газетінің редакциялық мақаласында АҚШ енгізген сауда тарифтері әлемдік тәртіптің өзгеруіне алып келуі мүмкін екені жазылған. Мұндай жағдайда Қытай мен Америка арасындағы экономикалық текетіресте Бейжің басымдыққа ие болады.

Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайдың барлық өнімдеріне баж салығын енгізу туралы шешіміне берілген жауап болды. Осылайша, де-факто  Бейжің Вашингтонмен сауда соғысы басталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ арадағы қайшылықтарды келіссөздер арқылы шешуден бас тартқанын хабарлады.

WSJ авторлары  қалыптасқан жағдай ҚХР төрағасы Си Цзиньпин үшін стратегиялық тұрғыдан тиімді.

Ал Қытайдың Түркиядағы елшісі Цзян Сюэбин АҚШ-ты біржақты тарифтік шараларды алып тастауға және сауда дауларын «тең құқылы кеңес» арқылы шешуге шақырады.

Tasnim басылымының жазуынша, дипломат АҚШ-тың протекционистік шараларын айыптап, Қытай өз мүдделерін тиісті тәсілдермен қорғауға дайын екенін мәлімдеді. Ол Қытаймен қарым-қатынастағы қысым мен қатерлердің қолайсыздығын атап өтіп, сауда дауларын шешу үшін тең құқылы диалогқа шақырды.

Қытай мұндай әрекеттерге қатаң қарсы және өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жауап шара қабылдауға дайын. Тариф және сауда соғысы тарихи үрдістер мен экономикалық қағидаттарға қайшы келеді және онда жеңімпаздар болмайды, - деп атап өтті Цзян Сюэбин. 

Елшінің үндеуі Вашингтон жариялаған жаңа ауқымды баж салықтарынан туындаған нарықтағы жаһандық сатудан кейін болды.

АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылғы 2 сәуірде басқа елдерден импортқа «өзара» баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. 

Фото: asiaplustj.info

Байланысты жаналықтар

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025
MalimBlocks
АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді