Райан Рутқа Дональд Трампқа қастандық жасады деп ресми түрде айып тағылды

Ол өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Мадина Қайнарова

  • 25.09.2024

15 қыркүйекте Райан Рут Дональд Трамптың гольф клубының маңында автоматпен ұсталған.  Оған экс-президетке қастандық жасамақ болды деген ресми айып тағылды. Бұл туралы сейсенбіде АҚШ Әділет министрлігі хабарлады.

Әділет министрлігі демократиямыздың мәніне қарсы зорлық-зомбылыққа жол бермейді және біз мұндай қадамға барғандарды тауып, жауапқа тартамыз, - деді министрлік басшысы, АҚШ Бас прокуроры Меррик Гарланд.

Қазір 58 жастағы Райан Рут қамауда отыр. Оған бұған қаруға қатысты екі бап бойынша айып тағылған. Бұл баптар бойынша ол 20 жылға дейін сотталуы мүмкін екені айтылған. Ал енді Трампқа қастандық жасамақ болғаны дәлелденсе, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Дональд Трамп АҚШ президентінің әкімшілігін Руттың ісін дұрыс жүргізбеді деп айыптап, оны Флоридадағы құқық қорғау органдарына тапсыруды сұрады.

Меррик Гарланд сейсенбіде журналистерге әділет министрлігі заң аясында мемлекеттік органдармен ынтымақтасатынын айтып, айыптауларды жоққа шығарды.

Естеріңізге сала кетсек, 15 қыркүйекте экс-президент Трамптың күзетінің қызметкері гольф-клубтың қоршауы маңындағы бұталардың арасында біреу қару кезеп отырғанын байқап қалған. Бұл кезде Трамп гольф ойнап жүрген.

Күзетші бірден оқ жаудыра бастаған соң қарудың иесі автоматын тастап, қашып кетеді. Біраз уақыттан кейін полиция оның көлігін көрші округ жолында тоқтатып, қамауға алды.

Руттың қатысуымен өтетін бірінші сот отырысы 30 қыркүйекке жоспарланған.

Осы оқиғадан екі ай бұрын Пенсильваниядағы митинг кезінде Трамқа 20 жастағы Томас Мэтью Крукс қастандық жасаған болатын.

Материал ВВС ақпараты негізінде дайындалды

Фото: Getty Images

Байланысты жаналықтар

Камала Харрис жеңілгенін мойындап, Дональд Трампты құттықтады

07.11.2024

Пентагон басшысы Мәскеудің Пхеньянмен ынтымақтастығының қауіптілігі туралы ескертті

31.10.2024

АҚШ Сириядағы «Ислам мемлекетінің» лагерьлеріне соққы берді

31.10.2024

Камала Харрис: «Трамп - тұрақсыз әрі билікқұмар адам»

30.10.2024

Washington Post газетінен 200 мыңнан астам оқырман бас тартты

30.10.2024

Пуэрто-Рико архиепископы Трамптан кешірім сұрауды талап етті

29.10.2024
MalimBlocks
Камала Харрис жеңілгенін мойындап, Дональд Трампты құттықтады

Пентагон басшысы Мәскеудің Пхеньянмен ынтымақтастығының қауіптілігі туралы ескертті

Бұл 2,5 жылға созылған қақтығысты ары қарай ұзартып, оған басқа да тараптарды тартуы мүмкін

АҚШ Сириядағы «Ислам мемлекетінің» лагерьлеріне соққы берді

Әскерилердің есебінше, 35 содырдың көзі жойылды

Камала Харрис: «Трамп - тұрақсыз әрі билікқұмар адам»

Ал Трамп «Камала бізді ұятқа қалдырды» деді

Washington Post газетінен 200 мыңнан астам оқырман бас тартты

Себеп – газет президенттікке үміткерлердің ешқайсына қолдау көрсетпейтін болды

Пуэрто-Рико архиепископы Трамптан кешірім сұрауды талап етті

Мэдисон-сквер-Гардендегі митингте әзілкеш Тони Хинчклифф Пуэрто-Риконы «қалқымалы қоқыс аралы» деп атаған еді