Үндістандық кәсіпкер 350 млн долларға той жасамақ

Той үш күнге жалғасады.

Сабина Асқарқызы

  • 12.07.2024

67 жастағы бизнесмен және Үндістанның ең бай адамы Мукеш Амбани ұлан-асыр той бермек, деп хабарлайды Malim.kz.

Миллиардер ұлы Анант Амбанидің үйлену тойына 350 миллион доллар (165 млрд теңгеден астам) жұмсамақ.

The Indian Express басылымының мәліметінше, үйлену тойы бүгін, 12 шілдеде, басталып, үш күнге созылады.

Амбанидің қалыңдығының есімі – Радхика Мерчант. Ол Encore Healthcare деп аталатын ірі фармацевтикалық компания басшысының қызы.

Бұл той үшін қаладағы аудандардың бірінде қозғалыс толықтай шектеледі. Бұл аудан көлемі футбол алаңынан 12 есе үлкен.

Ал қонақтар қатарында Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, министрлер мен депутаттардан бөлек, Болливуд жұлдыздары, тіпті апалы-сіңлілі Кардашьяндар бар. Қонақтарды алып жүру үшін үш бірдей Falcon 2000 ұшағы дайын тұр.

Үш күндік тойға барлығы 100-ден астам жеке ұшақ жұмылдырылмақ.

Фото: dzen.ru

Байланысты жаналықтар

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімді растады

11.05.2025

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату жөнінде келісімге келді - Трамп

10.05.2025

Пәкістан қорғаныс министрі ядролық қару қолдану мүмкіндігі туралы пікір білдірді

10.05.2025

Қазақстан Үндістан мен Пәкістанды ұстамдылыққа шақырды

08.05.2025

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы

08.05.2025
MalimBlocks