Вьетнамдағы ең бай әйел алаяқтық жасағаны үшін өлім жазасына кесілді

Чыонг Ми Ланды 11 жыл бойы елдегі ең ірі банктердің бірін тонап келген.

Malim Админ

  • 12.04.2024

Вьетнамдағы ең бай әйелдердің бірі алаяқтық жасағаны үшін өлім жазасына кесілді. Ол банктен 12,5 млрд доллар ұрлаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Хошимин соты 67 жастағы вьетнамдық іскер әйел Чыонг Ми Ланды 11 жыл бойы елдегі ең ірі банктердің бірін тонап келгені үшін өлім жазасына кесті.

Van Thinh Phat компаниясының басшысы Чыонг Ми Лан – Вьетнамда қаржылық қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына кесілген санаулы әйелдердің бірі.

Мұндай ауқымдағы алаяқтық бұрын-соңды болмаған. Чыонг Ми Лан Saigon Commercial Bank-тен 304 трлн донг (шамамен 12,5 млрд доллар) несие алғаны үшін кінәлі деп танылды. Оның алаяқтық әрекетінен келген жалпы шығын 27 млрд долларға бағаланып отыр. Сот үкімі оны дәл осы соманы қайтаруға міндеттеді, ал айыптаушы тарап бұл мүмкін емес деп есептейді.

Сот Чыонгқа қысым жасау арқылы ұрланған ақшаның кем дегенде бір бөлігін қайтаруға мәжбүрлеу үшін өлім жазасын тағайындады деген пікір айтылды. Чыонг Ми Лан кінәсін мойындамай, қылмысын қарамағындағыларға жүктеді.

Ланның отбасы мүшелерінің бірі Reuters агенттігіне берген сұхбатында оның сот үкіміне шағымданатынын айтқан. Әйел Хошиминде тұратын Қытай-Вьетнам отбасынан шыққан. Үлкен этникалық қытай қауымдастығы тұратын бұл қала ұзақ уақыт бойы Вьетнам экономикасының локомотивіне айналды.

Лан ең бастапқыда анасымен бірге косметика сатумен айналысқан. Бірақ 1986 жылы коммунистік партияның экономикалық реформалары бастағаннан кейін ол жер мен жылжымайтын мүлік сатып ала бастады. 1990 жылдары оның иелігінде бірнеше қонақүйлер мен мейрамханалар болған.

Вьетнамдық БАҚ сот процесін егжей-тегжейлі хабарлады. Айтуларынша, айғақ беруге 2700 адам шақырылып, іске 10 мемлекеттік айыптаушы мен 200-ге жуық адвокат қатысқан. Айғақты заттар салмағы 6 тонна болатын 104 жәшікке салынған. Тыонг Май Ланмен бірге тағы 85 адам сотқа тартылып, үкімін күтуде.

Фото: AFP/Getty Images

Байланысты жаналықтар

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел аман табылды

07.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

05.05.2025

Алматыда экс-полицей сүйіктісін өлтірді деген күдікке ілінді

04.05.2025

Қызғалдақ жұлған әйел кінәсін мойындады: полиция істің мән-жайын айтты

02.05.2025
MalimBlocks
Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел аман табылды

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

Алматыда экс-полицей сүйіктісін өлтірді деген күдікке ілінді

Қызғалдақ жұлған әйел кінәсін мойындады: полиция істің мән-жайын айтты