Зеленский БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясына қатысады

Бейсенбіде Украина президенті Джо Байден мен Камала Харриске Ресейге қарсы соғыста жеңіске жету жоспарын ұсынады

Мадина Қайнарова

  • 23.09.2024

Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке келді. Бұл туралы Украинформ мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.


Зеленскийдің Нью-Йорктегі БҰҰ-ға сапары Джо Байден әкімшілігінің Украинаға 375 миллион долларға жаңа әскери көмек пакетін дайындап жатқан кезге тұспа-тұс келіп тұр. Бұл сома Киевке бұрын берілген бірнеше көмек пакеттерінен асып түспек.

Президент Джо Байденмен және вице-президент Камала Харриспен кездесулер бейсенбіге жоспарланған екен. Онда Зеленский Украинаның Ресейге қарсы соғысындағы «Жеңіс жоспарын» ұсынады.

Сонымен қатар ол Республикалық партияның президенттігіне кандидат Дональд Трамппен кездеспек. Айта кетсек, Трамп АҚШ-тың шығыс-еуропалық одақтасына көрсетіп отырған көмегін «ақшаны босқа ысырап ету» деп сипаттап, Украинаның жеңісін қалайтынын айтудан бас тартты. Трамп осы аптада Зеленскиймен кездесетінін айтты, бірақ нақты күні әлі жарияланған жоқ.

Зеленский ұзақ уақыт бойы қару-жарақ тапшылығына шағымданып жүр, оның ішінде Скрантон зауытында жасалған 155 мм артиллериялық снарядтар да бар. Бұлай алаңдауы орынды десе болады, өйткені Ресей қыс қарсаңында елдің энергетикалық инфрақұрылымына соққы беріп жатыр.

Көмек пакетіне патрульдік қайықтар, дүркіндетіп ату реактивті жүйелеріне арналған қосымша оқ - дәрілер (HIMARS), 155 және 105 мм артиллериялық оқ-дәрілер, қосалқы бөлшектер және басқа да қару-жарақ кіреді. Бұл туралы Ақ үйдің екі өкілі жұма күні Reuters агенттігіне хабарлады.

Пакеттің құрамы мен мөлшері президент Байден қол қойғанға дейін жақын күндері өзгеруі мүмкін.

Фото: golosameriki.com

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді