Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Алға бармай, күтіп алып ұр» дедік – Мырзағали Айтжанов

Спорт
«Алға бармай, күтіп алып ұр» дедік – Мырзағали Айтжанов

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов 80 келі салмақта өткен Нұрбек Оралбай мен Кристиан Пиналес арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Malim.kz. 

Олимпиада ойындарында оңай қарсылас деген атымен жоқ. Барлығы да өте қауіпті саналады. Бүгін Нұрбекпен жұдырықтасқан доминикандық боксшы да құр емес. Ол қандасымыз Тоқтарбек Таңатқаннан бастап, мықты боксшыларды қатардан шығарды, деді ол.

Бас бапкердің сөзінше, Нұрбек бүгін айтқан тапсырмаларды мүлтіксіз орындаған. Оған алға бармай, қарсыласты күтіп алып, қажетті кезде соққы жұмсау керектігі айтылған.

Төрешілердің үш раундта да 3:2 есебін бергені туралы ештеңе айта алмаймын. Біз жеңісті бергеніне қуанып жатырмыз. Алда финалдық жекпе-жек күтіп тұр. Нұрбек командадағы барлық жігіт үшін айқасады, деді Мырзағали Айтжанов.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта Олимпиаданың финалына шықты. 

Фото: Владислав Семенов

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу