Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы мен Қонаев арасында ауыр әскери техника жол апатына ұшырады

Оқиға
Алматы мен Қонаев арасында ауыр әскери техника жол апатына ұшырады

Алматы – Өскемен автожолында жүк көлігі ауыр әскери техниканы аударып алды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазавтожол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 15 қаңтарда сағат 13:40 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының оңтүстік бағытының 56 шақырымында «Цзефан» автокөлігінің жүргізушісі Заречный ауылы маңындағы өтпежолдан келе жатқанда тралдан екі бірлік әскери техниканы түсіріп алған.

Нәтижесінде техника жүру бөлігіне аударылып, сүйемелдеп келе жатқан «Ssang Yong Actyon» көлігімен соқтығысқан.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Фото: «Қазавтожол» ҰК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу