Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында 11 үйдің ауласын су шайып кетті

Оқиға
Алматы облысында 11 үйдің ауласын су шайып кетті

Алматы облысы Алғабас ауылдық округінің Жаңа талап ауылында жауын-шашынның мол түсуінен жергілікті маңызы бар "Алматы-Алғабас" автокөлік жолын және 11 үйдің ауласын су шайып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдай 2024 жылғы 23 тамыз күні сағат 16:30-да болған.

Осы автожол бойынша көлік арқылы жол жүру тоқтатылған жоқ. Жылдамдық режимін реттеу мақсатында төтенше жағдай болған жерде жергілікті полиция қызметі жүр.

"Су деңгейі төмендеді, су басу қаупі мен зардап шеккендер жоқ. Жағдай бақылауда", - делінген Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Көшелер мен аула аумақтарынан суды сору және бұру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінен 52 қызметкер және 23 бірлік техника, оның ішінде 15 мотопомпалар жіберілді.

Фото: Pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу