Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алуа Бекен ауруханадан шыққан соң емін Балаларды оңалту ұлттық орталығында жалғастырады

Қоғам
Алуа Бекен ауруханадан шыққан соң емін Балаларды оңалту ұлттық орталығында жалғастырады

Ұлттық балаларды оңалту орталығының басшысы Ажар Ғиният Астанадағы автобус апатында қос аяғынан айырылған Алуа Бекен мен оның анасымен кездесті.

Бұл жөнінде ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Орталық алғашқы күннен бастап Алуаға қажетті көмекті көрсету жолдарын қарастырып келеді.

Өкінішке қарай, апат салдарынан Алуа екі аяғынан айырылды. Қазір ол қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр. Анасы Махаббатпен келісім бойынша, ауруханадан шыққан соң Алуа біздің орталықта кешенді оңалту курсынан өтетін болды. Бұл кезеңде мамандарымыз оның физикалық жағдайын ғана емес, психологиялық және әлеуметтік бейімделуін де жан-жақты қолдайды. Алуаға көмек көрсету — бұл біздің кәсіби борышымыз ғана емес, адамгершілік жауапкершілігіміз, — деді Ажар Ғиният.

Фото: Ажар Ғинияттың Facebook-тегі парақшасынан алынды. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу