freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Amanat пен «Әділет» бірігуі мүмкін: Мәселе саяси кеңес отырысында талқыланды

Қоғам
Amanat пен «Әділет» бірігуі мүмкін: Мәселе саяси кеңес отырысында талқыланды
Фото: amanatpartiasy.kz

Астанада 6 маусым күні өткен шұғыл отырыста Amanat партиясы мен Әділет партиясы арасындағы ықтимал бірігу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәжіліс депутаты, партияның саяси кеңесі бюросының мүшесі Ерлан Саировтың айтуынша, саяси кеңес мүшелерінің басым бөлігі президенттік бағыттағы электораттың бөлінбеуі тиіс деген ұстанымды қолдайды.

«Қазіргі таңда саяси кеңес мүшелерінің көбі саяси бірігуді қолдауға бейім. Мұндай шешім қабылдануы мүмкін деп ойлаймын. Дегенмен түпкілікті шешімді партия съезі қабылдайды. Президентті қолдайтын электоратты бөлшектеуге болмайды деген пікір басым», – деді Саиров.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ресми түрде сегіз саяси партия тіркелген. Олар: Amanat, «Ақ жол», Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Республика», Қазақстан халық партиясы, «Ауыл», «Байтақ» және «Әділет».

Еске салайық, «Әділет» партиясының құрылғаны туралы 2026 жылғы 15 сәуірде жарияланған болатын. Келесі күні бастамашыл топ мемлекеттік тіркеуден өту үшін құжаттарын Әділет министрлігіне тапсырды.

Партия төрағасы болып бұрын Президент әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебай сайланған. Саяси кеңес құрамына Бағдат Мусин, Динара Зәкиева, Андрей Лаврентьев, Марат Шибұтов, Рауан Кенжеханұлы және Ренат Бектұров енген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу