80 постқа 10 миллион теңге төлейді

Malim Админ

  • 21.05.2020

Ақпарат құралдарындағы тендерге ақша аямайтын әкімдіктер әлеуметтік желідегі пропагандаға да миллиондарды шашып жүр.  Әлеуметтік желіде жұмысын көрсетіп, жан-жақты насихаттайтын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігін былай қойғанда, Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері арнайы блогерлер үшін бөлек тендер ойнатқан.

Алматы облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы сәуір айында "жаңалықтар порталдарында және әлеуметтік желілерде, оның ішінде танымал блогерлер мен қоғамдық пікір жетекшілері арқылы ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихат жұмыстарын жариялау" деген атпен 3 миллион теңгенің тендерін ойнатқан. Тендерді "Ізгілікті істер" қоғамдық қоры ұтқан. Тендерді ұтып алушы желтоқсан айына дейін интернет ресурстар мен әлеметтік желі арқылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, деструктивті идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мен діни қатынас бағытындағы радикалды идеяларға қарсы материалдар әзірлеп, орналастырады. Өнім беруші әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде платформа құрып, аудитория жинауы керек. Ақпараттық топтар мен платформалардағы қолданушылар ай сайын 750 адамға өсіп отыруы тиіс. Техникалық ерекшелік құжатына қарағанда, өнім беруші белсенді азаматтық ұстанымы бар Алматы облысының қайраткерлерін (блогерлерді, беделді мәдениет және спорт қайраткерлерін, жастар өкілдерін, белгілі саясаттанушыларды, дінтанушыларды, теологтарды, дәстүрлі діни бірлестіктер өкілдерін және т. б.)т арта отырып, сұхбат, ақпараттық-ағартушылық және жаңалықтар посттары, мақалалар, демативаторлар мен фотоларды дайындап жариялайды. айына кемінде 30  жарияланым шығуы керек.

Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы да облыс әкімдігінен қалыспай осыған ұқсас тендерді ақпан айында өткізіп жіберген. "Дін саласындағы профилактикалық жұмыстарға блогерлерді тарту" деген атпен ашық конкурс түрінде өткен тендердің жалпы сомасы – 10 714 285 теңге. Тендерді ұтып алушы әлеуметтік желіде 1 желтоқсанға дейін кемі 80 пост жариялауы тиіс. Ай сайынғы жарияланым саны сегізден кем болмауы керек, сонда әр блогер кемі 1 посттан жариялап отыруы тиіс. Бұл тендерге тартылған блогерлердің құрамын қалалық әкімдіктің қоғамдық даму басқармасы бекіткен. Тендерді жеңіп алушы әлеуметтік желілердің біреуінде  (вконтакте, фейсбук, Instagram) 3 мыңнан кем емес жазылушылары бар кемінде 8 блогерді тартуы тиіс. Сонда қалалық әкімдік әлемжелідегі әр пост үшін 100 мың теңгеден астам ақша төлемек.

Қызығы, осы тендерді ұтып алған "Bsquared" ЖШС-ның иесін зерттеп көрген Информбюро порталының тілшісі оның бұрын Алматы әкімдігінде жұмыс істеген экс-шенеунік екенін анықтаған. "Bsquared" ЖШС-ның директоры әрі құрылтайшысының бірі Бейбіт Тұрабаев бұрын Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімін басқарған. Ол сондай-ақ дін істері басқармасының "Зертеу және талдау орталғының" жетекшісі қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың сөзін Көлгінов құлағына қыстырмай ма?

Байланысты жаналықтар

«Астана Арена», «Барыс Арена», «Алау» мұз айдыны сенімгерлік басқаруға заңсыз берілген

23.01.2025

Алматы облысында өнер мектебі жекеменшікке өтіп кете жаздады

23.01.2025

Алматы облысында мыңдаған үй көгілдір отынсыз қалды

22.01.2025

Мектеп оқушысын тонаған ер адам ұсталды

18.01.2025

Отандасының 69 млн теңгесін ұрлаған шетелдік ұсталды

17.01.2025

Таиландтан «Қазпоштамен» алдырған. Алматы облысында есірткі контрабандасы ісіне сот үкімі шықты

16.01.2025
MalimBlocks
«Астана Арена», «Барыс Арена», «Алау» мұз айдыны сенімгерлік басқаруға заңсыз берілген

Жеке компания 15 жылға заңсыз сенімгерлік басқаруға алған

Алматы облысында өнер мектебі жекеменшікке өтіп кете жаздады

Алматы облысында мыңдаған үй көгілдір отынсыз қалды

Мектеп оқушысын тонаған ер адам ұсталды

Күдікті оқушыны күш көрсетемін деп қорқытып, оның телефоны мен 10 мың теңгесін тартып алған.

Отандасының 69 млн теңгесін ұрлаған шетелдік ұсталды

Бизнесін сатпақшы болып сеніміне кірген

Таиландтан «Қазпоштамен» алдырған. Алматы облысында есірткі контрабандасы ісіне сот үкімі шықты

Кінәлі адам 16 жылға қамалды