Әкім елдің қаржысына салынған спорт кешенін сатып жіберді

Malim Админ

  • 22.10.2020

Түркістан облысы Сарапхана ауылының әкімдігі ел азаматтары мен демеушілер есебінен салынған спорт кешенін аукционға салып, сатып жіберген дейді Qazaqstan арнасы.  Жұртты ашындырғаны - әлеуметтік нысан 15 есе арзанға бағаланған. Әрі оны бұл ауылға қатысы жоқ өзге біреулер иемденіп кеткен.

Кешен қазір спорт алаңы емес, мал жайылымына айналған. Футболдың темір қақпасы жерде сұлап жатыр. Көрермендер трибунасы тозған, қоршаулар қирап қалған. Кезінде тап осы кешенді салу үшін Ержан Долдаев 14 миллион теңге қаржы жұмсаған. Бес жыл қатарынан футбол турнирін өткізіп тұрған.

[caption id="attachment_8444" align="alignleft" width="300"] Ержан Долдаев, кәсіпкер[/caption]

Ержан Долдаев, спорт кешенін салған демеуші:
- Жер әкімшілікке қарайды. Мен әкімшілікке сендім. Әкімшілік бізге айтты сен салып бере бер, әкімшілік қарамағында болсын деп. Ақырында мәселе осыған келіп тірелді.
Дау биыл басталды. Ержан кешен жанынан бокс және күрес залының құрылысын бастайтын болған. Алайда жер телімі аукционға қойылған. Оған қатысқан ауыл азаматтарына басымдық берілмей, небәрі 1 миллион 150 мың теңгеге өзге біреуге сатылып кете барған.

Кешенді сатуға байланысты құрылған келісім комиссиясының жұмысынан шикілік шықты. Оның құрамында болған екі ауыл азаматының орнына өзге біреулер қол қойып жіберген.

[caption id="attachment_8445" align="alignleft" width="300"] Ауыл тұрғыны[/caption]

Рақымберді Кәленов, ауыл тұрғыны:
- Жердің өзі 10 миллион, мынадан шыққан ақша 12 миллион. Соның бәрін көріп тұрып 1 миллион 25 мыңға сатып жібереді. Демек, мұның артында бір нәрсе бар. Сол үшін аукционда бармақ басты, көз қыстымен сатып жібереді.
Жергілікті билік спорт кешенінің болашағын емес, нысанды қалайда сатуды көздеді дейді ашынған жұрт.

Өйткені мемлекеттік сатып алу заңы бойынша ауыл әкімінің бір ай ішінде аукцион нәтижелерін теріске шығаруға құқы болғанымен ешқандай әрекет жасамаған. Ол туралы ауыл халқының өтініш арызына да бір айдан бері жауап бермей келеді.

[caption id="attachment_8447" align="alignleft" width="300"] Ауылдық округ әкімі[/caption]

Әбілқасым Тұрғараев, Сарапхана ауыл округінің әкімі:
- Бұл жерде не бар екенін білмейміз. Жердің бетінде тұрған шарбақты, кішкентай трибунаны білеміз. Осыларды мамандар шақыртып бағалаттық.
Спорт кешенін сатып алғандар оның жұмысын әрі қарай жандандыруы тиіс болатын. Алайда меншік иелері арада ай өтпей жатып, жердің 22 миллионға сатылатыны туралы «OLX» сайтына хабарландыру беріп үлгерген.

Дереккөз: qazaqstan.tv

Байланысты жаналықтар

Түркістанда 13 су каналы қайта жөнделіп жатыр

02.10.2024

Балалар омбудсмені Түркістан облысындағы біраз былықтың бетін ашты

01.10.2024

17 жыл құлдықта болған қыздардың жаңа бейнесі көпті таңғалдырды

27.09.2024

Түркістан облысында 500-дей мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

27.08.2024

Түркістан облысы Дезинфекция орталығының бас директоры сотталды

01.08.2024

Түркістанда департаменттің экс-басшысы мен сыбайластары сотталды

30.07.2024
MalimBlocks
Түркістанда 13 су каналы қайта жөнделіп жатыр

Балалар омбудсмені Түркістан облысындағы біраз былықтың бетін ашты

Бұл туралы Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

17 жыл құлдықта болған қыздардың жаңа бейнесі көпті таңғалдырды

Апалы-сіңлі Құндыз бен Назгүл қалыпты өмірге оралған

Түркістан облысында 500-дей мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

Жалған дипломмен жұмыс істегендер жайында тексеру кезінде анықталған. Ал бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Тамыз кеңесінде айтты.

Түркістан облысы Дезинфекция орталығының бас директоры сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Түркістанда департаменттің экс-басшысы мен сыбайластары сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.