Біртановпен бірге болған Мырзағалиевтің жағдайы қалай?

Экология, геология және табиғи ресустар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирус қаупіне байланысты оқшауланды.
«Мағзұм Маратұлы өткен жұма күні Денсаулық сақтау министрімен бірге ұшып келді. Сондықтан байланыста болған тұлға ретінде оқшауланды. Министр тест тапсырды, нәтижесі теріс. Апта соңында тағы тапсыратын болады. Дегенмен, ол барлық жұмыс жиналыстарын, келіссөздерді онлайн режимде өткізіп жатыр», - деді министрдің баспасөз хатшысы Самал Ибраева. Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғанын хабарлаған еді.
12 маусымда Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барғанда, онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болған. Қазір Асқар Мамин, Бердібек Сапарбаев, Асхат Аймағамбетов, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев вирусқамақта.
MalimBlocks

Педагог өлімі: Аймағамбетов көңіл айтқан жоқ, бақылаушылар қашып кетті – куәгерлермен сұхбат
Кеше Алматыдағы көлік және логистика академиясында ұлттық біліктілік тестін (ҰБТ) тапсыру кезінде 1973 жылы туған педагог қайтыс болды. Malim.kz тілшісі кеше тест тапсырған педагогтермен сөйлесіп, оқиғаны куәгерлер көзімен баяндайды (кейіпкерлердің қауіпсіздігі мақсатында кейбір ұстаздардың аты-жөні өзгертілген).
Ағасы кетті, інісі келді, баласы «өсіп» келеді – Мәшбек әулеті
Бердібек Сапарбаев - Назарбаев дәуірінде қалыптасқан, әкім болудан рекорд жасаған шенеунік. Қазір зейнет жасында. Бүгін Жамбыл облысы әкімі қызметінен босатылды. Бірақ, ол құрған отбасылық династия рекордсмен әкімнің орнын жоқтатпайтын сияқты...