Газа секторы: Хан-Юнис қаласына Израиль танктері шабуылдады

Газа секторының Хан-Юнис қаласына Израиль әскері шабуыл жасады. Al Jazeera-ның мәліметінше, денсаулық сақтау министрлігі 84 палестиналық қаза тауып, 329 адам жарақат алған.

  • 24.07.2024

Ал Reuters агенттігінің жазуынша, Израиль кейбір аумақтардан эвакуация жасау туралы бұйрық шыққан соң танктерді Хан-Юнис аймағына қайтарған. Оған содырлардың жаңа шабуылы болуы мүмкін екені себеп болған. Газа дәрігерлерінің айтуынша, палестиналықтар Бани-Сухейлада және Хан-Юнистің шығыс жағына іргелес басқа қалаларда атылған танк снаряды мен әуе шабуылы салдарынан қаза тапқан. Газаның оңтүстігіндегі халық көп шоғырланған ауданыда танктер алға қарай 2 шақырым жүрген. Бейбіт тұрғындар қарша бораған оқтан қашуға мәжбүр болған.

Израиль әскерилері 22 шілдеде Газаның оңтүстігіндегі гуманитарлық аймақтың бір бөлігіне эвакуациялау туралы бұйрық бергенін мәлімдеді. Бұл хабар барлау мәліметіне сүйеніп жасалған. Олардың пайымынша, содырлар осы аудандардан зымыран атқылаған, ал, ХАМАС қайта топтасуға талпынған. 

"Бүгін таңертең Израиль әскери-әуе күштері мен IDF артиллериялық күштері Хан-Юнистегі 30-дан астам лаңкестік инфрақұрылым нысанына, соның ішінде Израильдің оңтүстігінде Ниримге қарай снаряд атылған аймаққа соққы берді", - деді Израиль тарапы.

Израиль әскери күштері Хан-Юнистің батысындағы Аль-Маваси жағалауындағы белгіленген гуманитарлық аймақтағы жағдайды қалыпқа келтіруді көздеп отыр. 

Палестинаның ресми өкілдері зардап шеккен аудандарда 400 мыңға жуық адам бар екенін және ондаған отбасы үйлерін тастап кете бастағанын айтты. Олардың айтуынша, Израиль  әскерінің шабуылы басталғанға дейін оларға қауіпті аймақтан кетуге уақыт берілмеген. 

22 шілдеде Хан-Юнистегі Насер ауруханасының қызметкерлері медициналық орталыққа жеткізілген зардап шеккендердің көп болуына байланысты тұрғындарды қан тапсыруға шақырды.

Палестиналықтар, БҰҰ және халықаралық гуманитарлық ұйымдар Газа секторында қауіпсіз орын қалмағанын хабарлады. 

Бұған дейін БҰҰ өкілі Филиппо Лаззарини Газа қаласына бара жатқан БҰҰ-ның колоннасына шабуыл жасаған Израиль әскери күштерін жауапқа тартуға шақырды. 

"21 шілдеде Вади-Газа өзенінің аңғарының оңтүстігіндегі Израиль бақылау-өткізу пунктінің жанында брондалған көлікке кемінде бес рет оқ атылды", - деп жазды Лаззарини Х әлеуметтік желісінде.

Оның сөзінше, бронды көлік айтарлықтай зақымдалған. Ал БҰҰ өкілдері дер кезінде жасырынған. Соның арқасында адам шығыны жоқ.

Газа секторындағы қақтығыстарда барлығы 39 090 адам қаза тауып, 90 147 адам жарақат алған. ХАМАС шабуылдарынан Израильде қаза тапқандар саны өткен жылдың 7 қазанда 1139 адам деп айтылды. Сондай-ақ, Газа секторында ондаған адам әлі де тұтқында отыр. 

Фото: Reuters

Вelta.by материалы негізінде аударылды. 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

09.05.2025

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

07.05.2025

Солақайлар бай болуға бейім келеді - ғалымдар

04.05.2025

Халық банк Құлыбаевтарға шамамен 223 млрд теңге дивиденд төлейді

03.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

Мәсімовтің делдал арқылы "Қазақтелеком" акциясына қалай иелік еткені де айтылады

Солақайлар бай болуға бейім келеді - ғалымдар

Халық банк Құлыбаевтарға шамамен 223 млрд теңге дивиденд төлейді